Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада коммуналдық қызметкерлер қар күреу бойынша тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Биылғы қысқы маусымның басынан бастап мамандар қаладан 2,3 млн текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 5 қаңтар күні күндізгі ауысымға қала көшелерінің қарын күреуге 2644 жол жұмысшы мен 1537 арнайы техника шықты.
5 қаңтарға қараған түні қар полигондарына 3015 ауыр жүк рейсімен 38738 текше метр қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 178 098 рейспен 2 308 536 текше метрден астам қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады, - делінген мәліметте.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?