Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыНаурыз мейрамына орай Астана – Бурабай курорты бағытында ұлттық нақышта безендірілген электр пойызы қатынай бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Безендірілген пойыз күн сайын бір ай бойы жүреді. Жылжымалы құрам таңертең Астанадан шығады.
Жолаушыларды отырғызу Нұрлы жол вокзалынан (жөнелту сағат 06.30-да) және Астана-1 вокзалынан (жөнелту сағат 06:57-де) ұйымдастырылады. Жол бойында құрам үш станцияда: Ақкөл, Елтай және Макинкада тоқтайды. Мерекелік электр пойызы соңғы станцияға сағат 09:51-де келеді.
Сапар жайлы болу үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жабдықталған. Пойыз жолаушылары сапарлау барысында ойын-сауық контент пен пайдалы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық порталды пайдалана алады, - делінген ҚТЖ ақпаратында.
Мәлім етілгендей, «Наурыз» электр пойызы – бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ҚР ПІБ «Бурабай Даму» ЖШС, Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ішкі туризмді насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отырған бірлескен жобасы.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек