6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерQazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқандтқа тікелей екі жаңа халықаралық бағыт ашады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді.
2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана – Самарқанд – Астана бағыты бойынша (аптасына 2 рет – жұма және жексенбі), ал 10 қарашадан бастап Астана – Бішкек – Астана (аптасына 2 рет – дүйсенбі және бейсенбі) бағыты бойынша тікелей рейстер орындалады.
Астанадағы хаб арқылы әуе компаниясы жолаушыларға Бішкекке, Самарқандқа, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы рейстерді ұсынады. Жаңа әуе бағыттар аймақтың іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін болады, - делінген мәліметте.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі