Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨткен түнде елорданың коммуналдық қызметтері қар полигондарына шамамен 7 мың текше метр қар шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 7 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қала көшелерінен қар мен мұзды күреуге 2 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника шықты.
7 желтоқсанға қараған түні қар полигондарына 7 мың текше метрге жуық қар 827 ауыр жүк рейсімен шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 67 753 рейспен 861 мың текше метр қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады, - делінген мәліметте.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді