Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКоммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Күн сайын қаладан ондаған мың текше метр қар шығарылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 10 қаңтарда күндізгі ауысымда қаланы қардан тазалау жұмыстарына 2600-ден астам жол жұмысшы мен 1700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.
9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні қаладан 3600-ден астам ауыр жүк рейсімен 50 мың текше метр қар шығарылды.
Қыс мезгілі басталғалы қаладан 2 740 222 текше метр қар 209 896 ауыр жүк рейсімен шығарылды.
Ең алдымен, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие, - делінген мәліметте.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?