Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада күн сайын 2,5 мыңға жуық жол жұмысшы қар тазалауға шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресмәліметінше, 14 қараша күні күндізгі ауысымда Астана көшелерін қар мен мұздан 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,4 мың бірлік арнайы техника тазартады.
14 қарашаға қараған түні елордадан 30 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 2,3 мың ауыр жүк көлігін құрайды.
Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 17 095 рейспен 210 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Ең алдымен, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады. Сол сияқты орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар жолдарын тазалауға басымдық беріледі, - делінген мәліметте.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, сол сияқты мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 14 қарашада Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауып, жел соғады – жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с дейін болады деп күтілуде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?