Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде қар тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
25 қарашада күндізгі ауысымда қала көшелерінің қары мен мұзын күреуге үш мыңнан астам жол жұмысшы және 1 100-ден астам арнайы техника шықты. 24-25 қараша аралығында қар полигондарына мыңнан астам ауыр жүк рейсімен 10 мың текше метрге жуық қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 50 мыңға жуық рейс арқылы 560 мың текше метр қар шығарылды. Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие. Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?