23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Елордада қалың қар жауған жағдайда коммуналдық қызметі қаланы қардан тазартып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Түнгі ауысымға 1000-нан аса арнайы техника мен 200-ден аса жол жұмысшылары жұмылдырылды. Тротуар, аялдама, жер асты өткелдері сияқты көпшілікке арналған орындар қардан тазартылып жатыр.
Бір күн ішінде коммуналдық қызметтер Астанадан 34 мың текше метрден аса қар шығарып, 2 681 ауыр жүк рейсін жасады. Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 217 010 рейспен 3 млн текше метрге жуық қар шығарылды.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша Астанада 27 қаңтарда күн бұлтты, арасында қар жауып, боран болады деп күтілуде.
Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні күндіз 9-14, түнде 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -13-15 аяз болады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік