7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астанада бірнеше күннен бері тоқтаусыз қар жаууы салдарынан қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы үздіксіз режимде қар күреу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
22 қаңтарға қараған түні қар тазалау жұмысына 300-ден астам жол жұмысшысы және 1600-ден жоғары арнайы техника шықты. Ал 21 қаңтар күні елордадан қар полигондарына 4343 рейспен 54 961 текше метрден астам қар шығарылған болатын.
Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 286 495 ауыр жүк рейсімен 3 млн 627 мың 904 текше метр қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?