28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚыс мезгілінің басынан бастап коммуналдық қызметтер Астанадан 840 мың текше метрден астам қар шығарды. Қар тазалау жұмысы тәулік бойы үздіксіз іп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 6 желтоқсан күні күндізгі ауысымда қала көшелерінен қар мен мұзды күреуге 2,7 мыңнан астам жол жұмысшы мен 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.
6 желтоқсанға қараған түні қар полигондарына 84 ауыр жүк рейсімен 878 текше метр қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 66 519 рейспен 847 мың текше метр қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?