28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бір тәулік ішінде олар қаладан мыңдаған жүк көлігімен қар шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 31 қаңтар күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 633 жол жұмысшысы мен 1 862 арнайы техника шықты.
31 қаңтарға қараған түні елорданың қар полигондарына 50 мың текше метрден астам қар 3 735 ауыр жүк рейсімен шығарылды.
Ал қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 353 998 рейспен 4,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие, - делінген мәліметте.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?