Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанадағы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінен 2,5 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, стихиялық полигондармен күрес тек жою арқылы ғана емес, сонымен бірге күшейтілген бақылау және құқық бұзушыларды жауапқа тарту арқылы да жүзеге асырылады. Қалада мобильді топтар мен бұзушылықтарды тіркейтін iKomek жүйесі белсенді жұмыс істейді.
2025 жылдың басынан бері Байқоңыр ауданында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, тазартылды, ол орындардан 230 тонна қоқыс шығарылды. Сарыарқа ауданында да осы жылдың алғашқы айларында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды, оның 6-ауы жойылды. Жұмыс барысында 115 тоннадан астам құрылыс және тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Ауа райы жылынған уақыттан бастап Есіл ауданында 2000 тонна қоқыс шығарылды, - делінген мәліметте.
Сарайшық ауданында сәуір айының соңына дейін 4 учаскені жою жоспарланған. Мысалы, аталмыш ауданда дрон көмегімен заңбұзушылық анықталды. Лас суды төгу сәті дрон көмегімен анықталды, бұл кейіннен мәліметтер (техниканың мемлекеттік нөмірі) одан әрі шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Аудан әкімдігі мен экологиялық полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында заңбұзушы 20 минут ішінде анықталды. Айта кету керек, арнайы техниканың жүргізушісі лас суды төккені және қоршаған ортаны ластағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылды. Жүргізушіге 145 484 теңге айыппұл салынды. Техника айып тұрағына қойылды.
2025 жылы Нұра ауданында 4 орыннан 57 тонна қоқыс шығарылды. Мердігер ұйымдардың күштері Тұран, Ұлы дала даңғылдарының және Ш.Айтматов көшелерінің бойындағы учаскелерге жұмылдырылды. Қалалық сенбіліктер кезінде рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысына құрылыс компанияларын тарту жоспарланып отыр. Жүргізілген мониторинг барысында Алматы ауданында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталған жоқ.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова