23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің инстаграм парақшасында елорданың Есіл ауданынан орын тепкен Шұбары елдімекенінің қашан газдандырылатыны туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімінің сөзінше, ол аталған шағын ауданның белсенділерімен кездескен.
Шұбары елдімекенінің белсенділерімен кездестім. Елдімекен Есіл ауданында орналасқан, мұнда 5 мыңға тарта адам тұрады. Белсенділермен өзекті мәселелерді талқылап, елді мекенді одан әрі дамыту жоспарын белгіледік. Сол жағалаудың ортасында орналасқан елдімекеннің маңызды мәселелерінің бірі – газдандыру. Қазіргі уақытта газдандыру үшін көшелерде тарату желісінің құрылысы жүріп жатыр. Желілердің жартысынан көбі аяқталды. Жеткізуші газ құбырының құрылысын келер жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл Шұбары елдімекенінің тұрғындарына үйлерін газға қосуына мүмкіндік береді, сол сияқты ауданның және жалпы қаланың экологиясына жағымды әсер етеді әрі қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырады, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ лд келер жылы сумен жабдықтау желілері мен кәріз желілерін салуды бастайтынын атады. Ал бұл жоба 2025-2027 жылдары толық іске асырылмақ.
Сонымен қатар жолдарды жөндеу, инженерлік желілер, камералар, бағдаршамдар орнату, абаттандыру, оқу орындарын салу және т.б. мәселелер қозғалды, - деді Жеңіс Қасымбек.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады