7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Елордалық студенттер мен еріктілер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылып, қаладағы саябақтардың біріне құстарға арналған ұя ілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, «Таза Қазақстан» акциясы аясында елордалық Құрылыс-техникалық колледжінің студенттері «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесе отырып, әл-Фараби мешітінің жанындағы саябаққа құс ұяларын ілді.
Олар ұяларды өз қолымен дайындаған.
Құс ұялары фанерадан жасалды. Қатарластарыммен бірге шебер ұстазымыздың бақылауымен үш күнде жасап шықтық. Кәсіби шеберлігімді пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқаныма қуанамын, - дейді Астана Құрылыс-техникалық колледжінің 3-курс студенті Аллаберген Маратұлы.
Акция биоәртүрлілікті сақтауға және қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Қатысушылар ұялар құстардың жайлы әрі қауіпсіз тіршілігіне септігін тигізетініне сенімді.
Табиғатты аялау кішігірім әрекеттен басталады және осындай әрбір қадам экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі. Сіз де өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, біздің науқандарға атсалысыңыз, - деді «Астана жастары» МКҚК еріктісі Ерасыл Төленді қала тұрғындарына.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?