23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанадағы сауда орталықтарының бірінде келеңсіз оқиға болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгісіз әйел сыйлыққа берілген гүл шоғына байланысты айқай-шу көтерді. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап, қызу пікірталас тудырды.
Видеода сауда орталығының ішінде әйелдің қатты айғайлап, ашуланған күйде тұрғаны көрінеді. Бейнежазбаның сипаттамасына қарағанда, оған алты қызғалдақ сыйға тартылған, ал халық арасында жұп санды гүлді тек қайғылы оқиғалармен байланыстыру әдеті бар. Осы ырым әйелдің наразылығын тудырған сияқты.
«Көктем басталды ма, әлде адамдардың шыдамы таусылды ма?», «Бәріне осылай жауап берсе, гүлдің саны маңызды болмай қалады», «Еуропада жұп санды гүл беру әдеттегі дүние, бұл бізде ғана ойдан шығарылған әдет» деп жазды желі қолданушылары.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады