2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Мөлдір бұлақ» деп аталған осы аптадағы акция барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады. Экоакция аясында жастар мемлекеттік және басқа да құрылымдардың қызметкерлерімен бірлесіп, Қарасай батыр көшесінен Н. Тілендиев көшесіне дейінгі аумақтағы Сарыбұлақ өзенінің жағасын тұрмыстық қатты қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Экоакцияның 1000-нан астам қатысушысы Сарыбұлақ өзенінің жағасынан 200 тоннадан астам қоқыс жинады.
Қоқысты шығару үшін 190 бірлік техника тартылды, оның ішінде 110 жүк көлік, 80 тиегіш қамтылды.
Атқарылған жұмыстардың қажеттілігі ағын аумақтарын ҚТҚ-дан тазартумен ғана байланысты емес, сонымен қатар экология мен қоршаған ортаны сақтау жөніндегі жұмыстардың бір бөлігі болып саналады.Осыған ұқсас жұмыстар «Нұра-Есіл» арнасында, «Ақбұлақ» және «Қарасу» өзендерінде жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы.
Мұндай экоакциялар тұрақты негізде жүргізіледі. Экоакцияға қатысушылар бірнеше сағат бойы елордалық өзеннің жанында тазалық жүргізіп, көп мөлшерде қоқыс жинап, айналаны аралап көрді.
Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді,тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және тағы басқа жұмыстар жүргізілуде.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова