Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана әуежайының маңында құрғақ шөп өртеніп жатқан аймақ бірнеше сағат ішінде 3 гектарға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, бейсенбі күні сағат 12:28-де өрт сөндіру бөлімшелері халықаралық әуежайды бет алды. Бір гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, олар өртті сөндіруге кіріскен.
Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамнан 40 адам және Астана ТЖД 5 техникасы мен қала әкімдігінің 4 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды.
«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті ауыздықтауға екпінді жел мен шөптің құрғақтығы кедергі болуда», - делінген қалалық ТЖД таратқан мәліметте.
Әлеуметтік желілерде таралған видеоларға қарағанда, өрт әуежайдың ұшу-қону жолағына жақындап қалған.
Халықаралық әуежай мәліметінше, бұл жайт әуе рейстерінің уақытына кері әсер еткен жоқ. Яғни Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?