23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада мешіттегі ұрлық әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласында мешіттердің бірінде тіркелген ұрлық фактісі бойынша полицияға шағым түсті. Жергілікті тұрғын өзінің қымбат тонының ұрланғанын хабарлаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын мұқият зерделеп, күдіктіні анықтады. «Қылмысты тоқтату» жедел-алдын алу шарасының аясында 22 жастағы азамат «Iceberg» қымбат тонын ұрлады деген күдікке ілікті. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті мешітке жамағаттың кейпін жамылып, намазға жығылуға кеткен азаматтың күртесін киіп, еш қиындықсыз сыртқа шығып кеткен. Осылайша ол қала тұрғынына 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.
Полиция қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде күдікті қылмысын мойындап, ұрланған киімді иесіне қайтарып берді. Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас тағы екі қылмысқа қатыстылығы анықталды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік