Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікАстанада криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында белгілі болғандай, әйел кешкі уақытта сол жақ жағалаудағы мешітке келген. Шыға берісте аяқ киімдер сөресінде тұрған әйелдер кроссовкасына көзі түскен қаскүнем, қолайлы сәтті пайдаланып оны білдіртпей сөмкесіне салып алып кеткен. Әйелдің әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Астана қаласы полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді