2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБүгін, Астанада әлемге танымал америкалық әнші Дженнифер Лопестің үлкен концерті өтеді. Іс-шара «Астана Арена» стадионында ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтарына концертке қатысу кезінде туындауы мүмкін қолайсыздықтардың алдын алу мақсатында El.kz интернет порталы төмендегі ақпаратты назарларыңызға ұсынады.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, концертке байланысты стадион маңында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Атап айтқанда, «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан кіреберістерде көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Концертке жеке көлігімен келетін көрермендер үшін арнайы автотұрақтар қарастырылған. Көлікті келесі мекенжайлардағы тұрақтарға қоюға болады:
«Алау» мұз сарайының аумағы;
«Барыс Арена» мұз кешені;
«Сарыарқа» велотрегі;
Бұқар жырау және Орынбор көшелері жағындағы Ботаникалық бақ аумағы;
Керей-Жәнібек хандар көшесі;
Қаладағы басқа да рұқсат етілген автотұрақтар.
Көрермендердің ыңғайы үшін Астана әкімдігі арнайы шаттл-бастар ұйымдастырған. Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес нүктесінен «Астана Арена» стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді.
Астана циркі жанындағы автотұрақ;
«Хазрет Сұлтан» мешіті жанындағы автотұрақ;
«QAZAQSTAN» спорт кешені маңы;
Тұран даңғылы жағындағы Орталық саябақ тұсы;
«Бас мешіт» жанындағы автотұрақ.
Шаттл-бастар концерт басталғанға дейін және шара аяқталғаннан кейін кері бағытта жүретін болады.
Қала билігі кептелістер мен автотұрақтағы қиындықтарды болдырмау үшін тұрғындар мен қонақтарға қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова