Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлордалық сатушы жұмыс орнынан бірнеше телефон ұрлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру шаралары барысында елордалық полицейлер жалпы құны 2 миллион теңгеден асатын ірі электроника ұрлығына қатысты деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында жас жігіттің электронды құрылғылар сататын дүкенде жұмыс істегені белгілі болды. Ол бірнеше күн ішінде дүкеннен 7 дана телефон жымқырып, белгісіз біреулерге сатып жіберген. Оның витринадан екі телефон алып жатқан сәті бейнежазбаға түсіп қалғаннан кейін күдікке ілініп, құрықталды. Жас жігіт кінәсін мойындап, заттай айғақтар жартылай тәркіленді. Осы жылы бұл жігіттің дәл осындай қылмысы үшін жауапқа тартылғаны да белгілі болды.
Қазіргі уақытта оның елордада бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар