Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАстана әкімдігі G-park мердігер компаниясы заңсыз тұрғызып жатқан, кейін сот үкімімен сүріле бастаған «Дублин» және «Вашингтон» тұрғын үй кешендеріне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Дублин» тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Ш.Айтматов пен Ж.Молдағалиев көшелерінің қиылысындағы жер алдын ала анықталып, жылу трассасының құрылысына бөлінген.
Осыған байланысты бұл учаскедегі құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Орнатылған қадалар демонтаждалып, рұқсат етілген жерге ауыстырылады. Құрылыс компаниясымен шарт жасаған азаматтардың мүдделері сақталып, әркім өз пәтерлерін алатын болады», - деп жазды қалалық әкімдіктен.
Ондағы мәліметке қарағанда, «Вашингтон» тұрғын үйі бойынша құрылыс компаниясына жіберілген ақауларды жойып, барлық қажетті рұқсат құжаттарын ресімдеу тапсырылды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды