Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада болған автобустың ауыр апатынан кейін екі аяғынан айырылған 8 жастағы Алуа Бекен қазір протезбен жүруді үйреніп жүр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жақында оның алғашқы жаттығу сәттерінен бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда кішкентай қыздың бар жігерін жинап, қайта жүруді үйренуге тырысып жатқаны көрінеді.
Мамандардың айтуынша, алғашқы күндері тұнжырап жүрген Алуа бүгінде жиі жымиып, айналасындағылармен еркін сөйлесе бастаған. Оның көңіл күйі тұрақтанып, өз-өзіне сенімі артқан.
Еске салайық, 2 маусым күні Астанадағы Республика даңғылы бойында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, бағанға соғылған еді. Апат салдарынан 15 адам ауруханаға жеткізілді, олардың алтауы – бала. Солардың ішінде ауыр жарақат алған Алуа екі аяғынан айырылып қалған.
Қайғылы жағдай кезінде ол бауырларымен бірге Астанаға қыдырып келген болатын. Көпбалалы отбасы Ақмола облысындағы ауылда тұрады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?