23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астана тұрғыны «көлікпен жаяу жүргіншілер көпірінен өте аламын» деп досымен бәстескен ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол тәртіп бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған.
Айта кетейік, қоғамдық орын саналатын орталық саябақтың «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінде ер адам көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргізген.
Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, автокөлікті жаяу жүргіншілер көпірінде жүргізу туралы досымен бәстескенін, жасаған ісіне өкінетінін айтты.
Көпірдегі жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген адамды тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ жаңа құқықбұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында, соттың қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, – делінген соттың хабарламасында.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік