30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада 7 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру өтеді. Осыған байланысты, 7 мамырда бірқатар көшеге уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 7 мамыр, таңғы сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 – Ақжол даңғылы – Р.Қошқарбаев даңғылы – Аманжолов көшесімен Р.Қошқарбаев даңғылының Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін Аманжолов көшесі арқылы жеке құрам тасымалданады.
Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін – Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы, Қ.Қуанышбаев көшесінің А.Байтұрсынұлы көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі тұрақ, Нұрмағанбетов көшесінің оң жағы, автобус тұрақтары жеке құрамды тасымалдау үшін
Сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін – Панфилов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Нұрмағанбетов көшесіне дейін) және Нұрмағанбетов көшесі (Панфилов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейін) салтанатты шеруден кейін тиеуге арналған ауыр жүк тралдарына арналған тұрақ.
Қосымша, сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлынан Панфиловқа дейін) жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі – техника уақытша орналастырылады.
Сонымен қатар, сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін «Astana Music Hall» автотұрағының (Құмыра) аумағында Б.Момышұлы даңғылы, 1 бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.
Күн әскерилердің оралуымен аяқталады:сағат 12: 30 – дан 14: 00 — ге дейін, техника мен автобустар Панфилов көшесі — Нұрмағанбетов көшесі — Қошқарбаев даңғылы – Ақжол даңғылы – А-334 көшесі арқылы орналасу пунктіне қайтады.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарына белгілер бойынша жүру немесе уақытша белгілерді ұстану жөнінде кеңес беріледі.
Әскери техниканың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында шеру өтетін орындардағы кейбір учаскелерде бағдаршам нысандары консольдерінің жоғарғы бөлігі бұрылатын болады.
Аталған учаскелер арқылы қатынау және жол жүру іс-шаралар аяқталғаннан кейін қайта жанданады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз.
Бұл күні (7 мамыр) келесі автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді: №№ 3, 4, 4А, 14, 15, 15А, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 40, 43, 47, 50, 51, 55А, 55Б, 56, 57, 58, 61, 62, 66, 84, 121, 502, 504.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды