23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада күрес түрлерінен әлем чемпионатының төртінші жарыс күні жалғасып жатыр. Бүгін әйелдер күресінен төрт салмақ дәрежесінде іріктеу және ширек финалдық белдесулер өтіп, қазақстандық балуандар да бозкілемге шықты.
65 келіге дейінгі салмақта Бейбіт Сейдуәлі ширек финалда Моңғолия өкілі Энхжин Түвшинжаргалға 1:3 есебімен есе жіберді. Ал 76 келіде Гүлмарал Еркебаева Түркия балуаны Кадрие Кожак Аксоймен белдесіп, 8:12 есебімен жеңіліп қалды.
Дегенмен Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі жартылай финалға жолдама алды. 50 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова Моңғолия балуаны Отгонжаргал Долгоржавты 5:4 есебімен жеңсе, 57 келіде Нилуфар Раимова Украина өкілі Александра Хоменецтен 12:6 есебімен басым түсті.
Осылайша, Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова бүгін финалға шығу үшін күреседі. Ал кешкі бағдарламада грек-рим күресінен 63, 67 және 87 келі салмақ дәрежелеріндегі медаль үшін белдесулер өтеді.
Елорданың төрінде әлемнің үздік балуандары бас қосқан дүбірлі дода 1 қарашаға дейін жалғасады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады