1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада оқушылар арасында «Махамбет — тарихи тұлға» атты жыр бәйгесі өтті. Олар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, өзара сынға түсті.
Оқушылар сарайы қызметкерлерінің айтуынша мұндай іс-шаралар арқылы балаларды патриотизмге, туған жерін, халқын құрметтеуге, поэзияға деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Қалалық байқаудың жеңімпазы республикалық сайыста Астана қаласының атынан сынға түседі.
Алтынбекова Алтынай, №45 мектеп оқушы:
— Махамбет Өтемісұлының қырыққа жуық өлеңін жатқа білемін. Ақынның әрбір өлеңінен, әрбір шумағынан еліне деген, ұлтына деген үлкен махаббат пен патриоттық рух төгіліп тұрады. Махамбет атаның өлеңдерін жаттап өскен бала келешекте елінің тірегі болады деген ойдамын.
2003 жылдан бастап Астанадағы оқушылар сарайына батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлының есімі берілген. Мектепте Махамбет оқулары дәстүр бойынша осымен он үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
Әділ-қазы құрамында белгілі ақын, сазгер — Оспан Сүлейменов, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының маманы және кітапхана ісінің еңбек ардагері — Күләш Қосбармақова болды.
Алмас Саудамбай
Фотограф — Нұрбек Әлманбетов
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?