23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіРесейдің мәдени ошағы саналатын Санкт-Петербург қаласынан келген қолөнершілердің туындылары адамзат тарихынан ерекше орын алған тұлғалар мен белгілі әртістер және кинотуындылардың кейіпкерлеріне арналады.
Көрмеге жалпы саны қырыққа жуық жұмыс қойылды. Олардың ішінде Минотавр Свинкс, «Звездные войны», «Властелин колец», «Гарри Поттер» «Пираты карибского моря» секілді атақты фильмдер мен аңыз кейіпкерлері бар.
Путилина Раиса, ұйымдастырушы:
— Бір мүсінді жасау үшін алты айдан, бір жылға дейін уақыт кетеді. Біз осыған дейін Еуропаның бірнеше қалаларында көрме өткізген болатынбыз. Көрермендерге әсіресе Гитлердің мүсіні өте ұнайды. Мүсіндердің барлығы балауыздан жасалған, ал шаштары шынайы адамның шашы. Бір адамның мүсінін жасау үшін 18 адам қызмет етеді. Мысалы: мүсіннің тістерін жасау барысында біз арнайы тіс дәрігерлерінің көмегіне жүгінеміз. Барлық туындылар адамның шынайы өмірдегі бейнесіне, тұлғасына сай келеді. Алайда, өздеріңіз көріп отырғандай мүсіндер адамдардың әртүрлі өмір кезеңдерін көрсетеді. Мысалы: В.Путиннің бұл жерде жас кезі бейнеленген.
Сондай-ақ, көрмеде Қазақ ханы — Абылай ханның, Елбасы — Нұрсылтан Назарбаевтың, В.Путин, Б.Обама секілді белгілі саясаткерлердің мүсіні қойылған.
Көрме 21 тамызға сағат 10:00 ден кеші 20:00-ге дейін ашық болады.
Рустем ӘЛПИ
Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады