23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді27-28 тамыз күндері Астанадағы «Арай» саябағында «Astana food and fashion» фестивалі өтті. Тамақ пен сән әлемінің соңғы жаңалықтары ұсынылған жиынға он мыңдаған қала тұрғыны қатысты.
«Фестиваль бірнеше аймаққа бөлінген. «Тамақ фестивалі бірнеше аймақтан тұрады, «Астаналық» аймақта ас үйге арналғанның бәрі бар, «Көк-базар» секторында 20 отандық өндіруші табиғи өнімдерін ұсынаса, «Жерұйық» секторында стрит-фуд саласындағы қызықты стартап-жобаларды болды. Осы жоба арқылы адамдарға фастфуд пен стритфудтың айырмашылығын жеткізбекпіз. Дұрыс тамақтанып, тек сапалы өнімдерді ғана жеу керек. Сондай-ақ, бұл отандық шағын және орта бизнесті қолдаудың бір түрі», - дейді Astana food and fashion festival басты ұйымдастырушысы Әлия Сапарова.
Pop Up Shop Astana аймағында қонақтарға дизайнерлік киім-кешектер, әшекейлер, интерьер заттары жәрмеңкесі ұсынылды. Спорт сүйер қауым үшін кроссфит-алаңы жасалса, «Кинотеатр» секторында қазіргі заманғы фильмдер көрсетіледі. Одан бөлек «Чиллаут» аймағында жайлы ортада қонақтарға ыстық кофе таратылды.
Сондай-ақ, Астана қаласының серіктесі статусын алу үшін кәсіпорындар ұсынатын қызметтерінің сапасы да бағалаудан өткізілді. Бағдарлама көрме өткеннен кейін де жұмыс істемек. Бағдарлама аясында серіктестердің қызметтерінің сапасын мониторингтеу, жаңа серіктестерді тарту ісі жүзеге асырылады.
Фото: «Starfest»компаниясының жеке архивіне тиесілі
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады