22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды15 қаңтар күні өз жұмысын бастаған қосымшаны Play Market және Арр Store-дың көмегімен жүктеуге болады.
Онлайн-режимдегі карта бетінде автобустар қызыл белгімен көрсетілген. Енді тек сізге керекті маршрутты ғана емес, автобустың нақты қай жерде келе жатқанын біле аласыз. Бұған дейін халыққа қызмет көрсеткен InfoBus қосымшасында жетіспеген қызмет түрі болып табылады.
Дәл осы InfoBus мобильді қосымшасы өз жұмысын тоқтатқанда жолаушылар тарапынан наразылықтар болғанын еске сала кеткеніміз жөн. Бұл мәселеге бей-жай қарамайтын қала тұрғындары петицияға қол қойып, аталмыш қосымшаның қайта іске қосылуын талап еткен болатын.
2015 жылдың желтоқсан айында Dixinews.kz сайтының журналистері қалалық әкімшілікке ресми түрде хат жазып, қосымшаның болашақ тағдыры туралы толық мәлімет беруін сұраған. Әкімдік мамандары аталмыш мобильді қосымша әлі жетілдірілу үстінде екенін айтып, жаңадан жасалған web-нұсқа жақын уақытта іске қосылатынын айтқан. Осылайша Astra Bus бағдарламасы қаңтар айында өз жұмысына кірісті.
Astra Bus қосымшасымен қатар өзге сервистер жұмыс істей ме, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша мүмкін жағдай. Автобустардың келе жатқан нақты мекен-жайы туралы GPS- ақпарат қоғамдық көлікпен қатынайтын адамдардың аялдамада көп тұрып қалмауын қамтамасыз етеді.
Astra Bus қосымшасы қала тұрғындарын аялдамаларда автобустарды көп күтіп қалу мәселесінен құтқаруы мүмкін. Аталмыш қосымшаның көмегіне жүгіну арқылы аялдамаға шықпас бұрын, автобустың бағытын көріп алған дұрыс.
Әзірлеген Айша КЕРЕЙ
Сурет: Dixinews.kz
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев