23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Биыл елордада атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге төмендеді. Астанада оны қанша адам алатыны туралы Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова онлайн-брифинг барысында мәлім етті. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жыл басынан бері АӘК 2809 отбасыға (13,8 адам), оның ішінде 1361 көпбалалы отбасыға (8,6 мың адам) тағайындалды.
Оқи отырыңыз:
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны биыл 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге – 9,4 мыңнан 4 мың отбасыға дейін төмендеді.
Жыл басынан ақшалай төлем түрінде АӘК алушылар қатарынан 4562 балаға (2441 отбасы) 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде қолдау ретінде қосымша төлем белгілеу жолымен монетизация жүзеге асырылды. Бұл АӘК алатын отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын өз бетінше сатып алуға мүмкіндік берді, - деді Айгүл Таласова.
АӘК тағайындау мәселесін қарау үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14-үй мекенжайында орналасқан "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығына жүгіну (тел. 27-23-23) немесе www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру қажет.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік