Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыЖедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері 30 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ол ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуды ұсынған.
Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, алаяққа 400 мың теңге бергенін айтқан. Ол интернеттен емтихансыз жүргізуші куәлігін алу туралы хабарландыру тауып алған. WhatsApp желісінде хат алмасу кезінде алаяқ жәбірленушіге жүргізуші куәлігін алуға көмектесетінін айтып сендірген. Айласын асырып, ақшаны алғаннан кейін ол хабарламалар мен телефон қоңырауларына жауап беруді бірден тоқтатқан, - делінген мәліметте.
Полицейлер қылмыскерді анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Полицейлер жүргізуші куәлігін беру тәртібі мен ережелері www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылғанын және тек уәкілетті органмен берілетінін еске салды.
Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың жүргізуші куәлігін жасау туралы жарнамалар жалған болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған құжаттарды алғаны үшін де жауапкершілік қарастырылған.
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?