10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада жоқ пәтерлерді жалға берген Павлодар қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының полицейлері жылжымайтын мүлікпен байланысты алаяқтыққа қатысы бар әйелді құрықтады.
Былтырғы жылдың қарашасынан бастап әйел сайтында жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Хабарландыруларда нарықтық бағадан төмен баға және пәтер интерьерінің тартымды фотосуреттері көрсетілген.
Полицияға пәтер жалдағаны үшін бейтаныс әйелге 123 мың теңге аударған Алматы тұрғыны жүгінген. Қазіргі уақытта полицияға 11 азамат арыз қалдырды.
Аталған фактіге қатысты алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді