Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАстанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Қорғалжын тас жолынан Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде Домалақ ана көшесінің жөндеу жұмыстардың шеңберінде жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жүргізіледі. Осыған байланысты, 7 мен 8 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылынан Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде Ш. Қалдаяқов көшесінің орташа жөндеу бойынша жұмыстары басталады. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 7 мен 13 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Ал Жансүгіров көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылы бойындағы жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстар жалғасады. Сонымен қатар, Абылай хан даңғылы/Манас көшесі қиылысы жабылатын болады. Осыған орай 7 мен 8 маусымда автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылмақ.
Р. Қошқарбаев даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде М.Жұмабаев даңғылы бойындағы жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілмек. Осыған байланысты 7 мен 9 маусым аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара жабылатын болады. Автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады.
Ведомство жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз,-деп атап өтті басқармадан.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды