29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада Chevrolet мен ВАЗ көліктері соқтығысып, салдарынан алғашқы аударылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Zhaloby.astana іstagram-парақшасында Chevrolet маркалы көлігінің аударылып қалған видеосы тарады. Бұл жайтқа байланысты Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Chevrolet Cobalt жеңіл көлігінің жүргізушісі Нәжімеденов көшесі жақтан Тәуелсіздік көшесімен келе жатып Байтұрсынов көшесімен қиылыста солға бұрылатын кезде көлік құралына жол бермеген. Осылайша, қарсы бағытта келе жатқан «ВАЗ» көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Chevrolet Cobalt жанына қарай аударылып қалған, - делінген мәліметте.
Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі дене жарақатын алған. Оған қатысты іс Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілген.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек