28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЖыл соңына дейін Астанада 22 мыңға жуық жасанды интеллект негізіндегі бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұл Smart City жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан шаралардың бірі. Жаңа интеллектуалды құрылғылар қаланың барлық алты ауданында қойылып, түрлі жағдайларды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Камералар жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеп, көлік нөмірлерін таниды, күмән тудыратын тұлғаларды немесе оқыс оқиғаларды анықтай алады. Сонымен қатар адамдар мен көліктердің қозғалысын талдап, қала инфрақұрылымына түсетін жүктемені болжауға көмектеседі. Жиналған ақпараттың барлығы арнайы Ситуациялық орталыққа жіберіліп отырады.
Қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бейнебақылау және инфрақұрылым бөлімінің жетекшісі Еркебұлан Сейсеповтің айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыруға 53 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тартылған. Яғни қаржыландыру қала бюджеті есебінен емес, инвестор есебінен жүргізілуде. Қазір қаланың жолдарында ескі камераларды жаңаларына ауыстыру жұмыстары басталған. Ал алынған ескі құрылғылар тұрғын үйлердің аумақтарында қауіпсіздікті күшейту үшін пайдаланылатын болады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?