Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада жаңа 2025-2026 оқу жылында ашылатын «Жайлы мектептер» 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылдауды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігі жеті жаңа «Жайлы мектеп» қыркүйек айынан бастап елорданың төрт ауданында жұмысын бастайтынын алға тартты. Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау қолданыстағы мектептер базасында жүргізіледі.
Нұра ауданы бойынша:
- №110 мектеп (Жағалау ауданы, Ж.Молдағалиев көшесінің жанында, 4 к2) - № 78 МГ базасында;
- №115 мектеп (SAT city ауданы) - № 71 мектеп-лицейінің базасында;
- №117 мектеп («Greenline» ТК, Хан Шатыр ауданы) - №79 мектеп-лицейінің және №101 орта мектебінің базасында;
Алматы ауданы бойынша:
- № 114 мектеп (Ш.Құдайбердіұлы көшесі мен І. Жансүгіров көшесінің қиылысы, «Astana Motors» ауданы) - №32 және № 37 мектептерінің базасында;
Сарайшық ауданы бойынша:
- №113 мектеп (Ш.Қалдаяқов көшесі, 38) – № 113 орта мектебінің базасында;
- № 116 мектеп (М.Төлебаев даңғылы және Бурабай көшесі) - №74 және № 51 мектептерінің базасында;
Байқоңыр ауданы бойынша:
- №119 мектеп (А.Иманов және Егемен Қазақстан көшелері) - №87 және №16 мектептерінің базасында.
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден бастап қағаз нұсқада аталған мектептердің қабылдау комиссияларында жүзеге асырылады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар