23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада жергілікті суару жүйелерін салу арқылы ағаштарды, бұталарды және гүлдерді суару сапасы жақсарады. Қазіргі уақытта қаланың жасыл желегі екі жолмен суарылады: қолмен (суару машиналары) және автоматтандырылған суару жүйелері, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, жергілікті суару жүйелері мен ұңғымалар қаланың 56 саябағы мен алаңының аумағына орнатылды.
Бірқатар саябақтың аумағында жергілікті суару жүйелерін орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Суару мәселелерін Нұра-Есіл каналынан, Есіл және Ақбұлақ өзендерінен құбыр тарту, сондай-ақ терең ұңғымаларды бұрғылау жолымен шешу жоспарланып отыр.
Биыл Ақбұлақ өзенінен Сәтбаев көшесіне дейін ұзындығы 1200 метр болатын жергілікті суару жүйесі орнатылған құбыр тартылды.
Жамбыл Жабаев ескерткіші аумағында, Тәшенов, Пушкин көшелерінде суару жүйесі орнатылды, оған Ақбұлақ өзенінен су алынады.
Сондай-ақ Ботаникалық бақтың су қоймасынан Салтанатты қақпаға дейін құрылыс-монтаждау жұмысы және Мәңгілік Ел көшесі бойында құбыр тарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Ұлы Дала және К-1 көшелерінде Нұра-Есіл каналынан су тарта отырып, магистральдық құбыр тарту жұмысы жүргізілуде.
Бұдан басқа, келер жылы 100 бірлік суару жуу техникасын сатып алу жоспарланып отыр, бұл жасыл желектерді суаруды жақсартуға мүмкіндік береді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік