23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды. Төртінші қазандықты іске қосу осы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. ЖЭО-3-тің жалпы жылу қуаты сағатына 440 Гкал-ды құрайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, осы жылдың қазан айында ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы аяқталған, ол өз кезегінде қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандардың біріне айналған. Осыдан кейін қуаты 220 Гкал/сағ болатын 2 қазандық іске қосылды.
ЖЭО-3 биылғы жылыту маусымында жұмысын бастады. Қазіргі уақытта үш қазандықтың қуаты сағатына 330 Гкал-ды құрайды. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және жаңа салынып жатқан аудандарды жылумен қамтиды.
ЖЭО-3 қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысан болып саналды. Себебі жылу электр орталығының капсуласы 2010 жылы салынған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік