1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді9 мамыр күні таңертең елорданың Триатлон саябағында Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық эстафета өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Жеңіс күніне арналған жарысқа жалпы білім беретін мектептердің 1000-ға жуық оқушысы мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.
Эстафетаға қатысушылар 10 кезеңнен тұратын 2200 м қашықтықты бағындыруы керек. Олар Триатлон саябағында басталып, сол орында мәресіне жетпек.
Эстафетаның мақсаты - ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету және жалпы білім беретін мектеп оқушылары, ЖОО және ЖОО студенттері арасында бұқаралық спорттық іс-шараларды дамыту болып отыр. Бүгінде бұқаралық іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі және қатысушылар саны артып келеді.
Жарыста жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар медальдармен, командалық кубоктармен және дипломдармен марапатталатыны айтылды. Ал аталған іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырғалы отыр.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?