13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз9 мамыр күні Астанадағы «Жастар» саябағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Бейбіт аспан астында» атты ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиын батырларымыздың ерлігін еске алу мақсатында бас қосты. Мерекелік бағдарлама 11:00-де басталып, 17:00-ге дейін жалғасады. Қонақтарға арнап түрлі тақырыптық аймақтары бар бағдарлама ұйымдастырылды. Оның ішінде «Естелік қабырғасы» – мұрағаттық хаттар мен фотосуреттердің экспозициясы, соғыс туралы фильмдер көрсетілетін ашық аспан астындағы көше кинотеатры, интерактивті алаңдар: 1940-шы жылдардағы фотостенд, әлем тақырыбына арналған сурет шеберханалары, иммерсивті инсталляциялар мен «Жанданған батырлар» – қазақстандық майдангерлердің анимациялық видеолары бар.
«Бүгінгі мереке бізге өте ұнады. Мұнда балалармызбен келдік. Өйткені жас ұрпақ ата-бабаларының ерліктерін біліп, есте сақтауы керек. Олардың ерлігі – халқымыздың тарихы», – деді Жұмағұловтар отбасы.
Іс-шара мерекелік акция ғана емес, тарихи жауапкершілікті қалыптастыру жөніндегі ауқымды жұмыстың бір бөлігі болды. Ардагерлер, қоғам қайраткерлері, оқушылар мен студенттер бір кеңістікте бас қосты. Жастар үшін Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі туралы дәрістер мен шеберлік сыныптары өтті, бұл патриотизм рухын нығайтты.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты – өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, бейбітшіліктің құны мен бірліктің маңыздылығын есте сақтауға бағыттаоып отыр.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды