23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада 26 мамыр күні ІІ дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс батырларын еске алуға арналған ABYROI RUN-2024 дәстүрлі жарысы өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыс 5 және 10 шақырым қашықтықта өткізіледі.
Старт 26 мамыр күні таңғы сағат 7:30-да елордалық Триатлон саябағында өтеді.
Биылғы жарыс КСРО Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің және Рейхстагтың Жеңіс туын көтерген алғашқы кеңес жауынгерлерінің бірі, Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған.
Қатысушыларға футболка мен финишер медалі кіретін Стартер жиынтығы беріледі.
Қатысқысы келетіндер сілтеме бойынша тіркеуден өтуі керек https://globalsport.kz/abyroirun.
Сондай-ақ кез келген адам Жеңіс батырларына құрмет көрсете алады және 2 км қашықтықта «Құрмет шеңберіне» жүгіре алады.
Басталуы: сағат 10:00.
Ұйымдастырушылар сонымен қатар ұлттық спорт ойындарын, мерекелік концерт, байқаулар мен балалар аниматорларының нөмірлерін әзірлейді.
Фестивальді Астана әкімдігінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Ұлттық Ұланының, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады