Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Елордалық «Qazaqstan» спорт кешенінде жабық алаң ішіндегі жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Рәсімге ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Спорт шекара талғамайды, мемлекеттер мен халықтардың достығын нығайтып, жақындастыра түседі. Қазақстан спорт саласына айрықша мән береді. Елімізде азаматтардың кәсіби және бұқаралық спортпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл саланың инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінеді. 6 мыңнан астам адам сиятын Жеңіл атлетика кешені – осының айқын дәлелі. Қазақстан спортшылары көптеген дүбірлі додада топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүр. Олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып, жастарды жарқын жеңістерге бастайды. Азия біріншілігінің Астана төрінде өтуі елімізде жеңіл атлетиканы дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Біз осы саладағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайта түсеміз. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!» — делінген Мемлекет басшысының құттықтау сөзінде.
Жабық алаң ішіндегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Оған 31 елден 500-ден астам спортшы қатысады. Спортшылар арасында жүгіру, эстафеталық жүгіру, ұзындыққа секіру, биікке секіру, үш рет секіру, сырықпен секіру, ядро лақтыру және көпсайыс сияқты жарыс түрлері бойынша 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасында 69 спортшы бар.
Халықаралық жарыстар Астанада 10-12 ақпан аралығында өтеді.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд