30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты25 қаңтарда Астанада жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ауқымды шара 2025 жылғы World Athletics Indoor Tour Gold сериясын бастайды. Аталмыш шара әлемнің тоғыз қаласын қамтиды. Серияның финалы 28 ақпанда Мадридте өтеді.
Турнирде әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздары өнер көрсетеді, оның ішінде олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары мен жүлдегерлері.
Астанадағы жарысқа қатысушылар қатарында олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, «Гауһар лига» кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Андре де Грасс (Канада), Париж Олимпиадасының күміс медаль жеңімпазы, жабық алаңдардағы халықаралық жарыстың дебютанты Кишейн Томпсон (Ямайка), Олимпиада жүлдегері Алекс Хэйдок-Уилсон (Ұлыбритания), әлемдік рейтинг көшбасшысы Корнелиус Тувей (Кения), әлем чемпионы Маркиз Денди (АҚШ), Олимпиада финалистері Тина мен Тиа Клэйтон (Ямайка), олимпиада чемпионы Наташа Моррисон (Ямайка), екі дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Сада Уильямс (Барбадос) және басқа да мықты спортшылар бар.
Сайыстар Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өтеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды