29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада Байқоңыр ауданында Қарағанды көшесінің бойында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде жиһаз, үй заттары мен есік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бұл өз кезегінде газ баллонның жарылуына әкеліп, бөлмелер арасындағы қабырғаларды зақымдаған.
Сегіз адам өздігінше эвакуацияланып, олардың үшеуіне Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері шұғыл психологиялық көмек көрсетті. Сонымен қатар ТЖД күштерімен есікті бөлшектеу арқылы 1966 жылы туған ер адам құтқарылып, ол жедел медициналық жәрдем қызметі қарағаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартты, - делінген мәліметте.
Өрт сөндірушілер 50 шаршы метр алаңды қамтыған қызыл жалынды сөндіріп, үш газ баллоны қауіпсіз аумаққа шығарылды
ТЖМ азаматтарды өте мұқият болуға және өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек