6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада 5 сәуірден бастап Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Рио-де-Жанейро» ТК (Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23) қарама-қарсы орналасатын болады. Ол күн сайын сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін ашық болады.
Жәрмеңкеде жергілікті, сондай-ақ Қазақстанның түрлі облыстарынан тауар өндірушілері жеткізген түрлі тауарлары ұсынылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Жұртшылыққа ыңғайлы болу үшін жәрмеңкеге № 2, 32, 49, 50, 73 автобус маршруттары қатынайды, бұл қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, елордада демалыс күндері өтетін жәрмеңке бар, ол сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Жәрмеңке Сарыарқа ауданында, Нұрғиса Тілендиев даңғылы 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі