Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Қазгидрометтің» мәліметінше, Астанада 1-12 ақпан аралығында 22 мм-ден астам жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан 5 мм-ге артық. Екі аптаға жетер-жетпес уақытта коммуналдық қызметтер 1,1 млн текше метрден астам қар шығарды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалада бірнеше күн бойы қалың қар жауып, боран соқты. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар мен тротуарлар мұзға айналды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді: қар күреу, жолдар мен тротуарларды мұздан тазарту, реагенттер себу (құм-тұз қоспасы).
Өткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 38 мың текше метр, яғни 2,7 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең қар шығарды.
Таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы және 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап қала сыртындағы қар полигондарына барлығы 325,7 мың рейс арқылы 4,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары