29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада полицейлер жатақхана тұрғындарын тілсіз жаудан құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, кезекшілік барысында тәртіп сақшылары жатақханадан түтін шығып жатқанын байқаған.
Полиция қызметкерлері Қуандық Зарапов, Хафиз Мукушев және Дәурен Асқаров шұғыл түрде оқиға орнына жетіп, эвакуация жұмыстарын ұйымдастырды. Сақшылар жоғарғы қабаттарды тексеру барысында алты адамнан тұратын отбасыны көрген. Олар өрт шыққанын білмей, ұйықтап жатқан. Полицейлер тұрғындарға, оның ішінде балалар мен мүмкіндігі шектеулі әйелге қауіпсіз жерге шығуға көмектесті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері өрт шыққан бөлмеден газ баллондарын сыртқа алып шығып, болуы мүмкін жарылыстың алдын алды, - делінген мәліметте.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек