28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрмесінде 80 жастан ашқан әжелер клубы мен «Қолдан жасалған сыйлықтар» үйірмесінің әжелері жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдар қала қонақтары арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының шебер әжелері 7-13 қыркүйек аралығында этноауылда өтетін көрмеге өз қолдарымен жасаған бұйымдарын қойды.
Астаналық зейнеткерлер этноауылда өтіп жатқан Республикалық жәрмеңкеде әр өңірден келген шеберлермен бірге белсене атсалысуда.
Көрмеде шебер әжелер кимешектер, орамалдар, шапандар, тақиялар, кілемшелер, көрпешелер, сөмкелер, алқалар, ұлттық қуыршақтар, асық, торсық, тұмарлар сияқты кәдесыйлар мен тағы басқа ұлттық бұйым түрлерін ұсынды.
Сонымен қатар, он саусағынан бал тамған астаналық ісмер әжелер 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қонақтары мен көрермендерін өз өнерлерімен таңқалдырып, ұлттық кәдесыйларды ерекше талғаммен әзірлей білді. Әсіресе, жүннен жасалған суреттер, жылқы пано, алтыбақан, шаңырақ, шығыршық-салпыншақтар ерекше сұранысқа ие болды.
Айта кетейік, 7-9 қыркүйек аралығында көрмеге қойылған бұйымдарды Байқоңыр мен Сарыарқа аудандарының әжелері арт-терапия үйірмелерінің жетекшілері Балым Сапарханқызының мен Жібек Жайкенованың, Альфия Чернятевичтің жетекшілік етумен жасады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?