1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада жас жігіт бұрынғы сүйіктісін алып қашқан. Ер адам бойжеткенді тұрғын үйдің ауласынан көлікке күштеп отырғызып, Түркістан облысына әкетпек болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жас жігіт қаладан шықпай жатып ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«102» пультіне 20 жастағы қызды өз еркімен «Daewoo Nexia» автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түскен.
Қоңырау шалушының хабарлауынша, кешкі уақытта туысы екеуі жұмыстан қайтып келе жатқанда тұрғын үйдің ауласында оларға көлік жақындап келіп, ішінен төрт жігіт түсіп, әпкесін күштеп көлікке отырғызып алып кеткен.
Қыз ұрлағандардың бірі бойжеткеннің ауылдасы болып шыққан. Бұрын олар қарым-қатынаста болған, бірақ көп ұзамай аралары алыстап кеткен.
Көлік пен ұрланған қызды іздеу үшін «Ұстау» жоспары енгізілді. Бірден жедел ізіне түскен полицейлер күдіктілер тізгіндеген қыз отырған көлікті тоқтатты. Белгілі болғандай, жігіттер оны Түркістан облысына апармақ болған. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан қаладан шыға алмаған деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
Қазіргі уақытта адамды бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?